Мемлекеттік қызметшілердің жағымды сипаты қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.
Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.
Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру - ауыр және ұзақ процесс.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші -    мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет.
Тәртіпті бұзғаны үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ережесі) бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28 бабына сәйкес мынадай тәртіптік жазаға тарту түрлері қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату.
Айта кететін жайт, этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер ҚР Үкіметінің 2001 ж.29.08 № 1127 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыйақы беру ережесіне сәйкес, тәртіптік жазаны өтегенге дейін (6 айдан соң) сыйақы ала алмайды. Бұл этика нормаларын бұзуды болдырмау үшін қосымша шара бола алады.
Осы уақытта барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Ақтөбе облысының қаржы басқармасында этиканы бақылау кітабы ашылды, сенім телефоны орнатылды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің мәтінімен стенді ілінді.
мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі.
«Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі.
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс.
1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
4. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.
5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.
Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.
Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.
Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.
Қоғамдағы мемлекеттік қызметтің ролі және мемлекеттік қызметкерге тән имидж
Мемлекеттік қызмет– бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген. Бүкіл әлемде мемлекеттік сектор басты назарда және қоғам өмірінің басында тұр. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Ол халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың қажеттілігіне қатысты мәселелерге ерекше көңіл аударады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерінің позитивтік беделін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы приоритеттік бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметкердің кәсібилігіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасымыз Н. Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметкердің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл қасиеттер – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны практикада қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің патриоты болуы керек. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерінің позитивтік беделін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы приоритеттік бағыттарды бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-Намыс Кодексінде белгіленген, онда былай делінген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады жєне мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды». Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көз-қарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, және сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру — күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар анықталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында 2005 жылғы 03 мамырдағы № 1567 санды Ар-намыс кодексінде /01 сәуір 2011 жылы №1180 санды ҚР Президентінің жарлығымен өзгеріс енгізілген/. «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды». Қазақстан тәуелсіздік жылдары өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында ұзақ мерзімдік даму басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құру деп белгіленді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және біздің мемлекеттің алдында тұрған басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Осы сұрақтағы ең маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдауы керек.