Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы « 12» 08.
354 қаулысымен
бекітілді
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы»
мемлекеттік органы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі ( бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
2. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың аумағында мәдениет, архив ісі және құжаттама салаларында мемлекеттік басқару және қызметтерді үйлестіру функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
4. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 9. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
11. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 13. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету Ақтөбе облысының архив қоры құжаттарын қолдану және есебін жүргізу, жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, архивтық мемлекеттік қызметті ұсыну «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.
16. Міндеттері:
1) облыс аумағында мәдениет, архив ісінде және кұжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдайды;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасайды;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайтудықамтамасыз етеді;
6) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғайды және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
8) сақтауға қабылданған Қазақстан Республикасы ¥лттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
9) облыстық мемлекеттік архивтарында сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
10) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғайды, оларды сақтайды мен пайдаланады;
11) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптамажүргізуді ұйымдастырады.
17. Функциялары:
1) облыстың мәдениет, театр, музыкалық өнер, мәдени демалыс қызметі, кітапхана және музей ісі саласында мемлекеттік ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ олардың қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) театр, музыка және кино өнерін, мәдени демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және оларды үйлестіру, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
3) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;
5) облыстың, рухани мәдениет және материалдық тарих ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сарапшы комиссия құрады;
7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметін мониторинг жасауды жүзеге асырады және уәкілетті органға белгіленген үлгіде ақпарат, сондай-ақ статистикалық есептер береді;
8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды; 11) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
12) мәдениет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өтініш білдіреді;
13) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері бойынша мәдениет ұйымдары мен азаматтардың өтініштерін, хаттарын және мәлімдемелерін қарайды;
14) облыстың аумағында архив ісін дамыту және құжаттама жүргізудің бағдарламаларын іске асырады;
15) облыстың мемлекеттік архивтарында сақталатын Ұлттық архив қорының қүжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;
16) облыстың аумағында орналасқан, ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын Ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасайды және бақылау жасайды;
17) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;
18) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланады;
19) Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорыныңорталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді және оның құрамы менмазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұлттықархив қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;
20) Мәдениет және архивтер саласында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жүзеге асырады;
21) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
22) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) мәдениет және тілдердің дамыту бөлімі жұмысын үйлестіруі.
18. Міндеттері мен құқықтары:
1) тарихи-мәдени мұралар, архив ісі және құжаттама жүргізу нысандарын қорғау және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер;
3) ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты тиісті саланың органы болады;
4) архив ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардыңжұмысына қатысу, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде архив ісісаласындағы ынтымақтастық туралы келіс сөздер жүргізуге қатысады;
5) гендерлік отбасылық - демографиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
6) өзінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес жүргізеді.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқару басқармаға жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуын дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
20. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
21. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына тікелей жауапты;
2) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдауға бағытталған басшының тікелей жауапкершілігімен белгіленетін шаралар қабылдау;
3) басқарма басшысының орынбасарларының жауапкершілік деңгейін белгілейді;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері мен ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Мемлекеттік органның мүлкi мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ балансында бағасы көрсетілген мүліктен қалыптастырылады.
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік органы және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұтақ ауылдық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Байғанин аудандық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мұғалжар аудандық тарихи - өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық Планетарий» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
21) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық Халық шығармашылығы үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық «Алақай» қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
24) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
25) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Руханият» Ақтөбе облыстық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
27) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қобыланды» мемориалдық кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
29) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алға ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Байғанин ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ырғыз ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мұғалжар ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Темір ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Хромтау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.