АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА!

10 тамыз– Абай күні күні Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасы @bogetsaymadeniet және @bogetsaykitaphana инстаграм парақшаларының тікелей эфирінде ақын, ғұлама, ойшыл, ұлттың жаңаәдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашыАбай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты онлайн әдеби - сазды кешін өткізді.
Тікелей эфирде Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Махамбет Суиналин халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойымен құттықтап, лебізін білдірді.
Кеш жүргізушісі Гүлжазира Абдолова ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталса, ал ауылдың талантты балалары мен жастарыТишбай Ерасыл, Гүлнұр Бектұрғанқызы, Нұрасыл Тишбаев, Ақерке Аршанова ақынның «Жазғытұры», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» «Білімдіден шыққан сөз», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Өлең – сөздің патшасы...» өлеңдерін оқып, Ануарбек Зинеғалиұлы, Гүлнұр Рақымжанова, Жеткерген Токин «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін айтты.
Шара соңында ауыл кітапханасы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты кітап көрмесі ұйымдастырып, шолу жүргізді.