Марапаттау

10 тамыз күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың бас ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени іс-шараларға атсалысып, Хакім Абайдың рухани мол мұрасын насихаттауға өз үлесін қосып жүрген кітапхананың ең белсенді оқырмандарын марапаттау шарасын ұйымдастырды. Кітапхана директоры Б.Кошабаева өршіл рухты ақынның шығармашылығын насихаттауда белсенділік танытқан жастарға, зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Шараның мақсаты - оқырман қауымына ақынның өмір жолын, қызметін баяндай отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Хакім Абайдың өскелең ұрпаққа арналған өршіл рухты шығармаларын насихаттап, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.