Ұлт рухын асқақтатқан – рәміздер

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні облыстың мәдени-демалыс мекемелерінде онлайн форматта аталып өтілуде. Айтулы датада облыстық халық шығармашылығы орталығы @Аqtobe_madeniet және @Аktobe_ocnt инстаграм парақшаларының тікелей эфирінде «Ұлт рухын асқақтатқан – рәміздер» атты онлайн-концертін өткізді.
Әр адамға патриоттық рух беретін Мемлекеттік рәміздер күніне арналған онлайн-концертте Орталықтың шығармашылық ұжымдары мен дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.
Осы орайда «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобы «Бабалар үні», «Алға» әндерін, «Әдеп» халықтық ұжым Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін, «Жазира» халықтық ансамблі Дәулеткерейдің «Көрғұлы» күйін орындап, көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Сондай-ақ Бағдат Балмағамбетова мен Бауыржан Нұрлыбай шырқаған «Ақтөбем», «Бабалар рухы», «Жаса, Қазақстан!» әндері айтылып, рәміздер асқақталды.