"Кітапхана және театр" акциясы

28 ақпан күні кітапханада 2020 жылы Қазақстанда атаулы даталардың аталып өтілуіне орай «Кітапхана және театр» атты акциясы өткізілді.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, шығыстың ойшыл ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай кітапхананың әр бөлімі дайындаған кітап көрмелерін театрландырылған көрініс арқылы насихатталды. Шара Абай Құнанбаев пен Әбу Насыр әл-Фарабиді насихаттауға арналған кітаптар шеруімен басталды. Акция барысында ақындардың өлеңдерінен терме шертіліп, күйлері орындалды, атақты сазгерлердің әндері караокеде шырқалды.
Шараға Ақтөбе облысының мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының басшысы Н.Кәдірбаев, ақтөбелік ардагер ұстаз, абайтанушы Қуанышбай Қонтай, Н.Байғанин келіні Манар Байғанина, облыстық Әлия Молдағұлова атындағы мемориалдық музейінің қызметкерлері, қаламыздағы мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, кітапхана жанындағы клуб мүшелері, Алға мектеп гимназиясының ұстаздары, қаламыздағы мектептердің кітапханашылары, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бегельдинов атындағы Ақтөбе Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы, 11 мамандандырылған мектебі, №13 орта мектебі, №33 орта мектебі, облыстық жастар ресурстық орталығы мен және «Volonter2020.aktobe» еріктілері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.