Облыстық халық шығармашылығы орталығында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

2020 жылғы 16 шілде күні облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Балмағамбетова журналистермен бірге облыстық халық шығармашылығы орталығында болып, жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова ғимараттағы күрделі жөндеу жұмыстары туралы айтып, көрсетіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
- Күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында басталды. Біз үшін өте қуанышты жағдай.Себебі, өңір мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып, халық шығармашылығын кеңінен насихаттап отырған қара шаңырақ – Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы 1961 жылы құрылды. Орталық не­гізінен өңірдегі 192 клубтық мекеме­лер­­дің, со­ның ішінде 156 «ха­лық­тық» және «үлгілі» атағы бар ұжым­­дардың қызметіне бағыт-бағдар бе­ріп, жан-жақты әдістеме­лік көмек көрсетеді. Мұнда бас мердігер –«Виктория» ЖШС-і ғимарат қабырғасын жөндеу, еден, терезе, есіктерін, сондай-ақ шатыр жабындысын ауыстыру жұмыстарын жүргізуде, - деп атап өтті Омарова.
Ғимарат «Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне» енген. Бұл тарихи ғимаратта 1920 жылы Ақтөбе уезі РКП (б) I конференциясы өткізілген, онда Д.Фурманов сөз сөйлеген. Ал 1941 жылға дейін мұнда Кеңес Одағының Батыры Г.Мясоедов жұмыс істеген.
Қазіргі таңда Орталықтың базасында 3 шығармашылық бөлім, «жас айтыскерлер» мектебі, музыкалық-жабдықтар және реквизиттер қоймасы, «халықтық» және «үлгілі» атақтары бар 11 ұжым жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1978 жылы құрылған "Жазира" халықтық ансамблі, 21 баланы патронаттық тәрбиеге алған көп балалы Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі, «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобы, «Әдеп» халықтық тобы т.б.
Қыркүйек айында жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған.