Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясының премьерасы

Ағымдағы 2020 жылдың 12-13 ақпан күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы халқымыздың асыл мұрасы Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедисы жаңа қойылымын сахналады. Қойылымда екі жас арасындағы жастық пен махаббат, сұлулық пен пен нәзіктік, ерлік пен өрлік тақырыбы сыр шертеді. Қойылым режиссері Қырғызстаннан шақырылған Ш.Айтматов атындағы орыс драма театрының режиссері, драматург, продюсер, Қырғызстанның мәдениет қайраткері Нұрлан Абдықадыров. Спектакльдің биін қойған Ақтау қаласының «Жорға» би ансамблінің хореграфы Серік Сариев және әуенің әрлеген Серік Закария.
Спектаклдің басты рольдерін театр әртістерімен бірге театрда практикадан өтіп жатырған студенттер “Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжінің актерлық бөлімінде оқып жатырған студенті Әсем Қонысбаева – Баянның ролін, ал, Қозының ролін Нұр-Сұлтан қаласында «Шабыт» өнер академиясының 4-ші курсында оқып жатырған студент, Шыңғыс Телманов сомдайды.
Екі күн өткен спектакльдің премьерасы аншлакпен өтіп, спектакльге облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин келіп қатысып, қойылым соңынан актерларға облыс әкімі атынан ықылас гүлі табысталды.
Қойылымда рөлдерді сомдаған актерлер:
Қарабай – Кеңес Кемалбаев, Сержан Аманқұлов
Жантық – Рахат Төрежанов, Нұрсұлтан Айтқалиев
Қозы – Аслан Төлентай, Бағдат Телеуғалиев, Шыңғыс Тельман
Баян – Сандуғаш Қарсақбаева, Әсем Қонысбаева, Диана Нағыметуллаевна
Қодар – Мейірбек Шакенов, Марс Абилхасанов
Күнекей– Айнагүл Өлмесекова, Жанар Кемалбаева
Мақпал – Майгүл Мұзбаева, Жанна Өтеген