«Адам құқығы – маңызды құндылық» атты құқықтық сағаты

2020 жылдың 6-7 ақпаны күндері С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №34 орта мектебі мен Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде «Адам құқығы маңызды құндылық» атты құқықтық сағатын өткізді.
Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Шараға Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысыҮбішов Тимур Жұбанышұлы, Әділет Департаментінің Халыққа заңгерлік қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Жумин Жақсылық Жанатұлы, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалмағанбетов Мәлік Нәбидуллаұлы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы және №34 орта мектебі оқушылары, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шарада кітапхана қызметкері Айнұр Төлегенова Заң, Конституция және адам құқығы жөнінде мағұлмат берді. Сонымен қатар жастар арасында «Сұрақ-жауап», «Тәртіп орнат» ойындарын ойнатты.Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы Тимур Жұбанышұлы авторлық құқық туралы түсіндіріп өтті. Оқушылар, студенттер адамгершілік, құқық жөнінде сауалдар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында «Адам қорғаны - құқық» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. «Ата Заңымыздың құрылымы мен тарихы» атты слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.