«Жақсы адам – ел жұртының панасындай» атты сыр-сұхбат кеші

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 2020 жылдың 16 қаңтары күні сағат 11.00-де «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениеттанушы, өлкетанушы, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Құрманбек Еркін Жолмырзаұлының 75 жасқа толуына орай«Жақсы адам – ел жұртының панасындай» атты сыр-сұхбат кешін өткізді.
Шара қонақтары: Демешова Назимат Бекқазықызы– Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімінің бас маманы; Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы - мәдениеттанушы, өлкетанушы, ҚР мәдениет қайраткері, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Кәдірбай Бекмағанбетов - ардагер журналист; Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы - тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры;Бақытжанов Мағзом Сәпиұлы – Т.Ахтанов атындағы драма театрының режиссері; Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы - Т.Ахтанов атындағы драма театрыныңәртісі; Зәпен Жақсыбаевна – ардагер; Жақсылық Айжанов –ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Дюсенова Айгүл Егізбаевна – үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясының президенті;Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы - облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі; Калдина Гүлжайнар Нәренқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры;
Мақсаты: Облыстың мәдениет саласын ұзақ жылдар басқарған, өңірімізге танымал тұлғаның еңбек жолын жастарға үлгі ету.
Еркін Құрманбек Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында 1944 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген. Еңбек жолын Байғанин ауданы Қарауылкелді бекетіндегі Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1991-2003 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары және басқарма бастығы болып жұмыс жасады.
Сыр-сұхбат кешін кітапханамыздың қызметкері Нұрсұлтан Әбжан жүргізді. Жиынды Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Демешова Назимат Бекқазықызы ашты. Кеште Еркін Құрманбек өзінің өмір жолынан сыр шертіп, жасаған істерін,еңбектерінжастарға үлгі қылып әңгімелеп берді. Сонымен қатар қонақкәдесін ұсынған Еркін Құрманбекшараға жиналған қауымға жылылебізін арнап, рахметін айтты. Сондай-ақ Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Нұртас Омаров«Молдабайдың әнін» шырқады.Кездесу кешінің соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз сөйлеп, Еркін Жолмырзаұлынасыйлық сыйлады.
Шара барысында «Мәдениет бесігін тербеткен...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге Еркін Құрманбектің еңбектері мен баспасөз бетінде жарияланған мақалалар жиынтығы қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.