«Әл-Фараби және Абай» атты әдеби бенефис

2020 жылдың 23 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында «Әл-Фараби және Абай» атты әдеби бенефис өтті.
Мақсаты: ұлттық әдебиеттің ең үздік туындысын оқу және насихаттау, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдеби бенефисті жүргізуші Назерке Мұратбекқызы акция аясында таңдалып алынған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы туралы айтып, кітапты оқып шығуға кеңес берді. Сондай-ақ шара барысында оқырмандар мен кітапханашылар шығармалардан үзінді оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кітапханамыздың жастары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтты.
Шарада «Ұлы есімдерді ұлықтайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде айтылғын кітаптардан басқа Абай әлеміне байланысты кітаптар, буклеттер, ақынның шығармалары мен аудармалары шоғырланған. Кітап көрмесі ғұламаларға байланысты жан-жақты материалдармен толықтырылып, жыл соңына дейін ашық болады. Жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.