2019 жылдың 3 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Санкт-Петербург, Эрмитаж, Суворов музейі, Этнография, Әскери-теңіз музейлерімен таныстыратын көрме ашылды

Картиналар -елестер.
Бейнелеу голограммалары көрмелері келушілерді Санкт-Петербург музейлерінің голографиялық бейнелеулерімен таныстырады. Келушілер жұқа әйнек пластинкаларға жазылған құнды жәдігерлердің көлемді оптикалық көшірмелерін көруге мүмкіндік алып, голография саласында ресейлік оптика ғылымының жетістіктерімен танысады: скифтер алтыны, 16-18 ғасырлардағы икондар, Эрмитаж, Суворов музейі, Этнография, Әскери-теңіз музейі жәдігерлері, адамдардың, жануарлардың портреттері. Сонымен қатар АҚШ-тың екі-үш ракурстық голограммалары үсынылған.
"І ПЕТР КУНСТКАМЕРАСЫНЫҢ АРХИВТЕРІ" – РЕСЕЙ ИМПЕРАТОРЛЫҚ
АНАТОМИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ
Көрмеде алкоголь, наркотик, темекі тарту салдарынан (экологияның жайсыз әсерінен) адамның даму кезеңіндегі туа біткен аномалиялар, жануарлардың аномалиялары ұсынылған.
Анатомия ғылымының пайымдауынша экспозиция қызықты, өйткені тарихи құнды жәдігерлер бар (экспонаттарға 70 жылдан 270 жыл).
Музейге келушілер ғажайып жәдігерлерді – екі басты түлкілер, екі кеуделі қаршығаны, сусарды көре алады. Мектептің "Денсаулық" бағдарламасы аясында оқушылардың зиянды әдеттерін жою және олардың алдын алу мақсатында көрме барысында анатомия, биология сабақтарын, "Салауатты өмір салты", "Жануарларға қамқорлық", " Экология мәселері" тақырыптарында класс сағаттарын т.б. өткізуді ұсынады.
Барлық келушілерге аудиоэкскурсия ұсынылады.
«ЕГИПЕТТІК МУМИЯЛАР. УАҚЫТ БАСТАУЫНДА»
Ежелгі Египет барлық уақытта адамдарды өзіне қызықтырып тартып отырды. Туристер, түрлі хикаяларды іздеушілер немесе ғалымдар ежелгі цивилизацияның құпияларын ашуға ұмтылды.
Көрме барысында солардың кейбіріне жанасып, экскусоводпен бірге уақыт бастауына саяхат жасай алады. Ежелгі гректердің мумификация құпиясы көпшіліке мәлім, мәні бойынша – адам өлімі оның байлығымен жақын байланыста болды. Көрме барысында келушілер осыған көз жеткізе алады.
Қазба жұмыстарында болып, перғауындар болмаған сол кезде ертедегі египеттікті қалай жерлегенін көре алады...
Анубис Құдайының бет пердесін киіп ежелгі Египет абызымен бірге мумификация құпияларына қол жеткізесіз...
Қазынаны қорғап тұрған қауіпті қорғаушыларға кезігесіз...
Көп ғасырлар бұрын ұлы патшайымдар таққан сәнді әшекейлерді көреді...
Сонымен қатар келушілер Сети перғауынның жерлеу сәтінде болады. Ол екінші әлемнің көптеген құлдарының қоршауымен алтын саркофагте жерленеді...
Ежелгі Египет астрологтары жұлдыздармен таныстырады, ежелгіегипеттік жұлызнама музейге келушілерге қызмет көрсетеді.... Әрбір адам өзінің қандай ерекше қасиеттері бар екендіктерін біле алады...
Келушілерге түрлі-түсті фильм-экскурсия ұсынылады. Жас достарды тақырыптық ойындар ежелгі египеттік пазлдар, кубиктер және «Қазбалар» аттракционы күтеді. Әрқайсысы өзін археолог рөлінде сезініп, өзіне ескерткіш ретінде алып кететін ертедегі құнды жәдігерді тауып ала алады. Сонымен қатар жас археолог атына жазылған естелік грамотаға ие болады.