Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті драматург-жазушы Рахымжан Отарбаевтың ІІІ Республикалық театр фестивалі

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театр ұжымы 2019 жылдың 18-23 қараша аралығында Атырау қаласында өтекен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті драматург-жазушы Рахымжан Отарбаевтың ІІІ Республикалық театр фестиваліне қатысты. Еліміздің тоғыз театр ұжымының өнер көрсетуімен өткен бұл фестивальде,біздің театр Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың рухына арналған, Мейрам Хабибуллиннің режиссерлігімен «Темір Нарком» тарихи драмасын сахналап, жүлделі ІІ-орынмен және бас рөлді сомдаушы,театр актері Нұрболат Өтеғұлов «Үздік актер» номинациясымен марапатталды.