Ана тілінің Абыз Анасы

23 қазан күні кітапхана қызметкерлері Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде ғалым, тіл жанашыры Рабиға Сыздықованың 95 жасқа толуына арналған «Ана тілінің Абыз Анасы» портрет кешін өткізді.
Ана тіліміздің Абыз Анасына айналған зерделі зерттеуші ғалымның еңбегін насихаттап, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетініңфилология ғылымының кандидаты, доцент Күштаева Майра Төлебайқызы ғалымның білімімен, ізденгіштігімен, табандылығымен ғылым жолында биік белестерді бағындыруы мен өмір жолы туралы терең әңгімелеп, ұрпақ үшін тағылымды өнеге екенін айтты.
Оқырмандар назарына «Ғылым қанатындағы ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды.