«Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты ІІ-аймақтық конференция

2019 жылдың 15 қазаны күні Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты ІІ-аймақтық кітапханашылар конференциясын өткізді.
Мақсаты: заманауи кітапхана жұмысын жүйелеу, іс-тәжірибе алмасу,кәсіби байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту.
Аталмыш шарағаАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Кәдірбаев Нұрхан Кенжебайұлы, аймақтардан (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары) және Ақтөбе облысы аудандарының кітапхана директорлары, кітапханашылар, қоғам қайраткерлері, жергілікті атқарушы және өкілдік органдар өкілдері қатысты.
Конференцияның барысындажастар коворкинг орталығының ашылуы өтті.Ашылу барысында Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дюсенова мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Калдина бірлесіп жұмыс жасау мақсатында меморандумға салтанатты түрде қол қойды.Сонымен қатар шараға қатысушылар «Біздерде мынадай бар...» атты әр түрлі тақырып бойынша безендірілген кабинеттермен, кітапханамен танысып, экскурсия жасады. Одан әрі қарай«Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы»атты ІІ-аймақтық кітапханашылар конференциясы жалғасын тауып, конференцияны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Кәдірбаев Нұрхан Кенжебайұлы ашты. Конференцияғааймақтардан келген кітапханашылар, С.Бәйішев атындағы ОӘҒК кітапханашысы А.С.Кемалова «Кітапхана ролін нығайтудағы тарихи-патриоттық тәрбие» шеберлік класын, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысыА.С.Мұхамбетқали «Алаш арыстары – Ырғыз тарихымен тамырлас» және т.б. кітапханашылар қатысып, баяндама оқыды. Шара барысында кітап көрмесі, бейнематериалдар, слайд, деректі фильмдер, әдістемелік баспалар ұйымдастырылды.Сағат 14.40-та ақын Бауыржан Бабажанұлымен кездесу кеші өтті.
Бағдарлама бойынша кітапханашылар баяндамаларын оқып, тренинг өткізді. Сондай-ақ кітапханашылар мен оқырмандар«Кітаптар сан әлемінде» атты жаңа кітаптардан дефилье ұйымдастырды. Сонымен бірге С.Жиенбаев пен Т.Жармағанбетовтің 85 жылдығына және ақын атындағы кітапхананың 40 жылдық мерейтойына арналған ғылыми жоба жұмысының қорытындысын жариялап, жеңімпаздар марапатталады. Байқауға қатысушы жеңімпаздар Бас жүлде және I, II, III дәрежелі Дипломдар, бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттармен марапатталады.