Кітапхана түні

15 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында алғаш рет «Кітапхана түні» әлеуметтік-мәдени шарасы өткізілді. Бұл түні кітапхана әдеттен тыс уақытта өз есігін айқара ашып, оқырмандары үшін ерекше форматта қызмет көрсетті. Кітапхананың үш қабатында бөлімдер дайындаған түрлі интеллектуалдық, танымдық, мәдени шаралар өтті. Шараға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының белгілі тұлғалары, аудандық кітапханалардың қызметкерлері, Т.Бегилдинов атындағы әскери институт, Актөбе автожол колледжі, АГУ Тарлан колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Кітапхана түні шарасына шамамен 1000 адам қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – кітапхана ісін дамыту, кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену.