КЛУБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

2019 жылғы 16 қазан күні Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық мәденит үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мәдени-демалыс мекемелерінде жүзеге асыруға бағытталған "Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастыру: жолдары жəне жаңа талаптар" атты облыстық жылжымалы семинары өтті.
Семинардың жұмысына Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Айбек Жандосов, Мәртөк аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айбек Якин, Ойыл, Әйтеке би, Шалқар, Қобда, Мәртөк аудандық мәдениет үйлерінің директорлары, әдіскерлері мен ауылдық клубтарының қызметкерлері қатысты.
Әріптестерін Мәртөк аудандық мәдениет үйінің директоры Самғат Артығалин қарсы алып, Сарыжар ауылдық мәденит үйінің директоры Гүлмира Тəжібай іс-тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік, қолөнер, көркемөнерпаздар ұжымының шығармашылықтарынан хабар беретін көрме жұмысымен таныстырды. Аталмыш семинардың ұстанған басты бағыты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мәдени-демалыс мекемелерінде жүзеге асыру, тәжірибе бөлісу.
Жиынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Айбек Қыстаубайұлы ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, мәдениет қызметкерлерінің «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асуына атсалысып, өлкеміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлес қосатынына сенетінін жеткізді.
Әрі қарай жиынның практикалық бөлігінде облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Гүлнара Сейталина «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобаларға тоқталып өтсе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы, бірлестік жетекшісі Шолпан Шумақова «мәдениет қызметкерлерінің идея жәрмеңкесі» бойынша шеберлік сағатын (коучинг) ұйымдастырды.
Қасиетті Сарыжар жеріндегі клуб қызметкерлерінің жиыны ауыл өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламасымен мәреге жетті.
Сарыжар ауылдық округіндегі Мәдениет үйі 2018 жылдың ақпан айында салтанатты ашылды. Екі қабатты ғимаратта: 280 орындық көрермен залы, ауылдық модельдік кітапхана, хореографиялық және түрлі үйірмелерге арналған залдары бар. Өз тарапымыздан Мәртөк аудандық мәдениет үйінің директоры Самғат Артығалин бастаған әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.