Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің ғылыми -іздестіру экспедициясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Архив-2025» жобасы аясында Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің жұмыс жоспары бойынша ғылыми-іздестіру экспедициясы құрылды. Эспедиция барысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай және ғылыми қызметкері Н.Есетов Ресей Федерациясы Орынбор облысының мемлекеттік архивіне іссапармен барып, Қазақстан және облыс тарихына байланысты құжаттарды зерттеп, зерделеді. Жинақталған аса құнды құжаттардың цифрлық көшірмелері алынып, облыстық архив қоры толықтырылды.
Сонымен қатар, архив қызметкерлері Орынбор облысы архивінің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, тәжірибе алмасып, халықаралық қатынастарды нығайтты.