«Іздену жолында» атты Қожакулов Манастың дербес көрмесі

6 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық өнер музейінде Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы "Туған жер" арнайы жобасы аясында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Қожакулов Манас Бердіханұлының«Іздену жолында» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Манас Қожакулов Нүкіс қаласындағы Өнер университетін тәмамдаған. 2005 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударған. Көркемсурет өнеріне 2014 жылдан бастап бет бұрыпалғашқы көрмелерге қатыса бастады. 2016 жылы алғашқы дербес көрмесін өткізіп2017 жылы ҚР суретшілер одағының мүшесі қатарына қабылданды. Өнер музейінде өтіп жатқан суретшілер көрмелерінің белсенді қатысушысы2015 және 2018 жылдар Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық кескіндеме симпозиумына2017 жылы Атырау қаласында өткен республикалық пленэрге2018 жылы РФ Чуваш Мемлекетінде Н.В.Овчинников атындағы ІІ Халықаралық пленэрге қатысып1 дәрежелі дипломға ие болды. 2019 жылы Татарстан Республикасында Халықаралық пленэріне қатысты. Көрмеге қойылған туындылар суретшінің іздену жолында туындаған жұмыстар. Өткен күн мен қазіргі сәттіңтабиғат пен адамзаттың арасындағы өзара үндестіккесуретші ғана көре алатын гармонияға негізделген. Суретшінің әр картиналарында сезім мен өмірмахаббат орын алып тұрады. 2015 жылдан Облыстық өнер музейінде «Ұрпаққа естелік қалдырайық» республикалық сурешілер арасындағы көрмеден бастау алған шығармашылығыбүгінгі күнге дейін жалғасуда. Суретші Астана қаласыШығыс Қазақстан облысыАтырау қаласыҚызылорда қаласысонымен қатар Татарстан РеспубликасыЧуваш Мемлекеті және Ақтөбе қаласында өткен көрмелергесимпозиумдарға белсенді қатысып келеді. Көрмеге 100-ден аса кескіндеме туындылары қойылып отыр. Ашылу салтанатында суретшіге Облыстық мәдениет басқармасы атынан алғыс хат табысталды.Суретшінің туындыларын тамашалауға ҚР суретшілер одағының мүшелеріжергілікті суретшілерҚ.Жұбанов атындағы АӨМУС.Бәйішев атындағы университеттерінің ұстаздары мен студенттерікөркемсурет лицейінің және шығармашылық үйінің оқытушылары мен оқушылары келді Көрме қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады.