Қазақ камералық хорының жеңісі

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры Украина елінде, Одесса қаласында өткен «Южная Пальмира» атты 24ші Халықаралық хорлар мен вокалдық ұжымдар арасындағы байқауда Бас жүлде, «Джаз музыка» және «Халық музыкасы» номинациялары бойынша 1 орынды иеленді. «Үздік дирижер» атағы - Мербол Куспановтың еншісінде болса, «Үздік солист» атағына Серік Жұбатқан ие болды. Байқауға Украина, Белоруссия, Польша, Италия, Болгария, Армения жəне Молдавиядан келген 20 дан астам вокалды ансамбльдер қатысты.