Ел ағалары Ақтөбеде

2019 жылдың 28 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай жерлесіміз, Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Брімғазин Бейбіт Оралұлы мен ақын, ҚР Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Әлдибеков Бақыт Беделханұлы, ҚР композиторлар одағының төраға орынбасары Тоқсанбаев Артық Жарылқасынұлымен «Ел ағалары Ақтөбеде» атты кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Жастарды ақын, сазгерлердің шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Кездесу кешінде өнерсүйер қауымға лирикаға толы әсем әндерімен танымал композитор қазақ эстрадасының жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосып келген Бейбіт Оралұлы өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар ақын Бақыт Беделханұлы мен сазгер Артық Жарылқасынұлы өмірі мен ақындығы, сазгерлігі туралы сыр шертті. Кітапханамыздың жастарыақын С.Жиенбаевтың өлендерін оқып, оқырман қауым көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты. Облыстық халық шығармашылығы үйінің әншісі Бағдат Балмағамбетова композитор Бейбіт Оралұлының әнін орындады.
«Тума талант, табиғи дарын иелері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашаланды.
Кездесу кешіне Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері, оқырман қауым, кітапханашылар қатысты.