Азалы тарихқа айрықша тағзым

2019 жылдың 31 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірге 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетілім) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатында «Азалы тарихқа айрықша тағзым»атты тарихи сабақ өткізді.
Мақсаты: Азаттық үшін күрескен қайраткерлердің ерлігін жастарға үлгі етіп, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеу. Жас ұрпаққа 1927-1953 жж. ақтаңдар ақиқатын түсіндіру.
Шараға есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының оқушылары қатысты. Тарихи сағатта кітапханашы Гүлнұр Ергенқызы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлыдеректерденәңгімелеп берді. Жасөспірімдер қуғын-сүргін сөзіне арналған сөзжұмбақ шешіп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, белсенділік танытты. Арнайы ұйымдастырылған «Тарихта қалған тағдырлар» атты кітап көрмесі таныстырылды.Сонымен қатар ашаршылық және саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткіш белгісіне де осы тақырыпта кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесіне «Алаш мұрасы» сериясымен шыққан «Алаш ақиықтары», Б.Нәсеновтің «Халық жаулары», М.Қойгелдиевтың «Алаш қозғалысы», Б.Қойшыбаевтың «Алаш жолы» және «Қазақ қалай аштыққа ұшырады?», «Қуғын-сүргін құрбандары», сонымен қатар қуғынға ұшыраған алаш зиялыларының Аңыз адам журналына шыққан номерлері қойылды. «Ашаршылық зардабы», «АЛЖИР лагері» атты бейне жазбалар көрсетілді.