МӘДЕНИЕТІМ – МӘРТЕБЕМ!

Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Мәдениетім – мәртебем» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мәдениет және өнер саласын өркендетуге үлес қосып жүрген бір топ үздік қызметкер түрлі марапаттарға ие болды. Облыстың мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін облыс әкімнің орынбасары М.Тоқжанов құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болған қызметкерлерге марапаттарын табыстады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 238 кітапхана, 196 клуб, 21 музей, 2 саябақ, 2 театр, облыстық филармония және 13 архив мекемесінде 3000-нан астам қызметкерлер еңбек етеді. Сондай-ақ, шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және ҚР салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы тарапынан да үздік қызметкерлерге марапаттар ұсынылды. Жиында барлығы 49 адамға марапат тапсырылды.