«Ақтөбе жыр құшағында» Батыс Қазақстан аймақтық балалар жыр мүшәйрасы

2019 жылғы 17 мамырдаН.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасыАқтөбе қаласының 150 жылдығына орайұйымдастырған «Ақтөбе жыр құшағында» Батыс Қазақстан аймақтық балалар жыр мүшәйрасынқорытындылады. Мүшәйра 2019 жылғы ақпан айында жарияланды.
Шараның мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, поэзияға деген құштарлығын арттыру; шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Мүшәйраға 10-15 жас аралығындағы 70 талапкер өз шығармашылық еңбектерін ұсынды.
Жеңімпаздар:
1 орын – Темір ауданы, Құмқұдық ауылы, Абай атындағы ЖОББМ 9-класс оқушысы Аружан Жанова, 2 орын – Атырау облысы, Атырау қаласы, №37 орта мектебінің 5-класс оқушысы Қарақат Ғизат, Темір ауданы, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, №2 қазақ-орыс орта мектебінің 8-класс оқушысы Айсара Мұрат, 3 орын – Қарғалы ауданы, Қос Истек орта мектебінің 3-класс оқушысы Абдулла Базарбай, Байғанин ауданы, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 6-класс оқушысы Аружан Құлжанова, Шалқар ауданы, №3 ЖОББМ 9-класс оқушысы Дана Амангелдина.
Ынталандыру сыйлығының иегерлері:
Темір ауданы, Құмқұдық ауылы, Абай атындағы ЖОББМ 9-класс оқушысы Бейбіт Жұмекен, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің 6-класс оқушысы Инабат Қожаберген, Қобда ауданы, Қызылжар орта мектебінің 10-класс оқушысы Кристина Дордий, Ырғыз ауданы, Құйлыс ЖББОМ-нің 8-класс оқушысы Эльмира Көшекбай, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің 8-класс оқушысы Ақберен Болатұлы, Алға ауданы, Алға мектеп-гимназиясының 6-класс оқушысы Диас Рах, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-ң 9-класс оқушысы Ернұр Ұлықпан.
Жеңімпаздар Диплом, Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.