Фотоқұжаттық көрме «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС»,

2019 жылдың 6-17 мамыр аралығында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ғимаратында Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығына орай соғыс жылдарындағы Ақтөбе облысындағы жағдайындағы, 101- ұлттық атқыштар бригадасының құрылу тарихымен таныстыру, өскелең ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу мақсатында «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты фотоқұжаттық көрме өткізілді. Архив қызметкерлері Жеңіс жолындағы ақтөбеліктердің тылдағы ерен еңбегімен, майдандағы ерлігімен қосқан үлестері, эвакуацияланған өнеркәсіп орындары, 101 ұлттық –атқыштар бригадасының құрылу тарихы туралы Ақтөбе облыстық партия құжаттарымен, майданға халықтың сыйлықтары, госпитальдағы жаралыларға көмек көрсетуі туралы фотоқұжаттармен, соғыс жылдарындағы «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінің тігінділерімен көрмеге қатысушыларды таныстырды.