Рухани қазына -2019

3 мамыр 2019 жылы «Рухани қазына -2019» мәдениет және өнер саласы ұйымдарының қызметкерлерінің ІІ-облыстық форумына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің, филиалдарының және аудандық мемлекеттік архивтерінің басшылары мен қызметкелері қатысты. Форум барысында 2018 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымы «Үздік архив мекемесі» номинациясы бойынша, облыстық архив қызметкері, құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Б. Ешмұратова «Үздік архив қызметкері» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.
Архив қызметкерлері «Архив мекемелерінің жұмыс бағыттары мен өзекті мәселелері» тақырыбындағы секциялық семинар жұмысына қатысып, «АРХИВ-2025» бағдарламалық жобасының маңызын, архив ісінің негізгі мәселелерін талқылады.