«Менің тұңғыш Президентім» атты Назарбаев оқулары

29 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты Назарбаев оқуларын өткізді.
Мақсаты - Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шара басталмас бұрын Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері Елбасының өмірі, қызметі, еңбектері, елінің дамуына қосқан үлесі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар іс-шарада қаладағы бірқатар колледж студенттері Елбасыға арнау және оның нақыл сөздерін, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан үзінді оқыды. Ал №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары Елбасының балалық шағынан көрініс көрсетті. Белсене қатысқан жастарға Алғыс хат табысталды.
Шара барысында «Ел бастаған Елбасы», «Назарбаев кітапханасы», «Назарбаев еңбектері» слайды көрсетіліп, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды.