«Елбасы-елдің тірегі» атты кітап көрмесі

27 қараша күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 1 желтоқсан Президент күніне арналған «Ел басы - елдің тірегі» атты кітап көрмесі жасақталды.
Оқырмандарды отансүйгіштікке, потриотизмге тәрбиелеу, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ел үшін жасаған ерен еңбектерін насихаттау мақсатындағы көрме барлық оқырмандарға арналды. Бүгінгі күні дамудың өркениетті жолына түскен халқымыз ел өміріндегі барлық жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарды Елбасы есімімен тікелей байланыстыратыны белгілі. Президент халыққа, халық Президентке сенеді. Өйткені, бара жатқан бағытымыз дұрыс, жолымыз жарқын, елдің бірлігі мен ынтымағы мықты. Кітап көрмесі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттауға арналды.