Елбасы саясатын насихаттаған көрме

28 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы» портрет-кешін өткізді.
Оқырмандарға ұсынылған «Ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі және Елбасы туралы деректі фильм арқылы Елбасының балалық шағы, өмірі мен еңбек жолы, сарабдал саясатының жеңісті жолы туралы баяндалды. №55 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Еркін Табылаев балаларды Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, патриот болуға шақырды. «Желкен» әдеби клубының мүшелері Тұңғыш Президентке арналған өлең жолдарын оқып, «Үш қоңыр» әнін орындады.
Қатысушылар шара соңында ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай танымдық шаралардың жиі өткізілгенін қалайтындықтарын жеткізді.