2018 жыл – Шыңғыс Айтматов жылы

Түрксой халықаралық ұйымы биылғы жылды Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялады. Осыған орай, 21 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Қос бәйтерек достығы: Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шаханов» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Шара Қырғыз Республикасы Шу облыстық балалар кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылды. Шарада жалпы түрік халықтарына ортақ екі жазушының достығы мен достығы мен табиғи үндестігі туралы айтылып, шығармалары насихатталды.
Конференцияда Шу кітапханасы Ш.Айтматовтың шығармаларынан әдеби монтаж көрсетіп, оның қай шығармасын алсаң да ұлттың рухы көрініп тұратынын айтты. Қазақтың өр ақыны, қай кезде де ұлт намысын биік ұстайтын, қазақ тілінің мәртебесін жоғары қоятын, М.Шахановтың шығармаларынан «Желкен» әдеби клубының мүшелері әдеби монтаж ұсынып, «Рух пен тіл» әнін орындады. Оқырмандар назарына «Ұлы дала ұлылары» кітап көрмесі ұсынылды.