Іздеу саламыз!

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 1913 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы Денишев Урзайдың туыстарын іздестіреді. Іздестіру жұмыстары 220-шы 3 дәрежелі Кутузов орденді шекара полкінің әскери жолы тарихын зерттеумен айналысатын «Белорусский Союз Ветеранов органов Пограничной службы» Қоғамдық Бірлестігінің өтініші бойынша жүргізілуде. Ұйымның қызметкерлері белгісіз деп есептелген, қаза болған шекарашылардың аты-жөнін және жерленген жерін анықтаған. Қаза тапқандардың арасынан ефрейтор автоматшы 1913 жылы туған, Ақтөбе облысы, Унин ауданының (Ойыл ауданы болуы мүмкін) тумасы Денишев Урзайдың аты-жөні анықталды.
Денишев Урзайдың (Уразай) туысқандары мен таныстарын, бірге жұмыс жасау мақсатында хабарласуын өтінеміз.
«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 255, тел: 8(7132)-547869.