Болашаққа оң көзқарас - еліміздің табысты дамуының кепілі

23 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды.
Шараға «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі - Көшкінбай Нұрмағамбетұлы Ахметов, кітапханашылар және кітапхана оқырмандары қатысты.
К.Ахметов Мемлекет басшысы мақаласының өзектілігін ерекше атап өтті. Туған жердің тарихына, ата-баба мұрасына, халықтың қазыналарына немқұрайлы қарамай, тілімізді, мәдениетіміз бен әдебиетімізді сақтауымыз керек,- деді. Кітапханашылар мен жастар да Елбасы мақаласы бізді жаңа ойларға жетелейді, әлемдік өркениетте дамуға күш салуымыз керек,- деп мақаладан түйген өз ойларын ортаға салды. Зейнекен Аяулым С.Әуезханның «Ұлы даланың жеті қыры» атты өлеңін оқып берді.
Кітапханашылар аталмыш мақалаға орай баспасөз басылымдарынан арнайы әдістемелік құралдар, кітап көрмелерін дайындап, алдағы уақытта да жастар арасында насихаттамақшы.