Қызықты кітаптар көрмесі

Балалардың күзгі демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында 2 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Жаңа кітаптар шақырады!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде түрлі форматты кітаптар орын алды. Жас оқырмандар 3D, аудиокітаптарға қызығушылық танытты. «Табылған амал», «Алтын сақа», «Зерделі», «Мұрагер» атты қазақ ертегілері оқырман назарын аударды. Сондай-ақ, Қ.Төреқожаның еңбекқорлыққа баулитын «Қызыл алма» өлеңдер жинағы, Б.Қойшыбаевтың әділдік туралы «Өрімтал», А.Тукерманның шытырман оқиғалы «Маған әже керек» кітаптары келушілер назарына ұсынылды. Балалар орыс жазушылары «Зеленый луч», «Клад и другие полезные ископаемые», «Путешествие за грань времен», «Лапы вверх!», «Волшебный квест», «Удивительные приключения в лесной школе» т.б. кітаптармен танысты.
Көрме оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, қатысушылар осындай шаралардың жиі өткізілуін қалайтындықтарын жеткізді.