БӨГЕТСАЙДА ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Отбасы мәртебесін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттаудың қоғам үшін маңызы зор. Осы орайда 31 қазан күні Бөгетсай ауылдық мәдениет Үйінде Хромтау аудандық отбасылық ансамбльдерінің «Өнерім - өрісім» концерті өтті. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Концертте аудандық, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауылдық кітапханашылар ауылдық мәдениет үйінде 11 жылдан астам күзетші қызметін атқарған Сара Мешіталиқызын құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтады. Жылы лебіздер айтылып, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Көрермендерге арнап жас әнші, облыстық байқаулардың жеңімпазы Әшім Әліби «Мама» әнін орындады.
Мерекелі жиын Бөгетсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ұлан Жаналиннің құттықтау сөзімен жалғасты. Мерекелік концертте Төлегеновтер, Қазбаевтар, Сауановтар, Мырзахметовтер отбасылық ансамбльдері өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. Өнерлі ұжымдар облыстық, аймақтық отбасылық ансамбльдер фестивальдарының тұрақты қатысушылары. Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған мәдени шара көпшіліктің көңілінен шықты.