Кітапхана қызметкерлерінің облыстық семинары

26 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы аудандық балалар кітапханалары қызметкерлерінің қатысуымен облыстық семинар ұйымдастырды. «Мәңгілік елдің мәдени орталығы – балалар кітапханасы» деген атқа ие болған шараның мақсаты«Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа алып жұмысты ұйымдастыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, кітап оқуға ынталандыру, баланың бойына қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; кәсіби іс-тәжірибемен алмасу.
Семинарда «Электронды кітапхана: заманауи қызмет жүйесі», «Мектеп кітапханасы - рухани тәрбиенің бастамасы», «Балалардың кітап оқуы – елдің зияткерлік әлеуеті: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыптары талқыланып, кітапханашылар іс-тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алды.
Жазушы Ө.Қанахиннің 95 жылдығына арналған «Оқы, ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафонының жұмысы қорытындыланды.