Мұнай-газ компаниясы мен облыстық архив ынтымақтастығы талқыланды

26 қазан күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қызметкерлерімен бірлескен семинар өтті. Семинар тақырыбы - «Архив ісі саласындағы негізгі қағидалар және мемлекеттік архив пен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның архиві арасындағы ынтымақтастық».
Шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архив қызметкерлері, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалдарының архивтеріне жауаптылары және архивариустары қатысты. Жиында құжаттау және архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау үшін архив құжаттарын қолдану және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, облыстық архив пен компанияның қарым-қатынасы талқыланды. Екі мекеменің одан кейінгі қарым-қатынасын нығайту жолдары жоспарланды.