Колледж жастары жемқорлыққа қарсы

25 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты сағатын өткізді.
Батыс Қазақстан гуманитарлық заң колледжінде өткен әңгіме сағатында сыбайлас жемқорлық ұғымы түсіндіріліп, жастарға оның пайда болу жағдайлары баяндалды. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділетті болу әр азаматтың парызы екендігі айтылды. Шара барысында кітапхана қызметкері жастарға жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі екендігін, яғни үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатындығын атап өтті. Өзге де қатысушылар белсене араласып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Жемқорлық ғасыр дерті» кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасады.Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. «Сенің жоқ дегенің өте маңызды», «Сыбайлас жемқорлық», «Жемқорлыққа жол жоқ» бейнеролигін тамашалады.
Шараға тәрбие ісінің меңгерушісі Жанар Маратқызы, кітапханашылар мен студенттер қатысты.