Жасөспірім қыздарға арналған шеберлік сағаты

Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы, ертеңгі болашағы. Сондықтан қыз баланың бойына жастайынан адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіру – қоғам міндеті. 25 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қыздарға арналған «Сырғалым» әдептілік клубының мүшелері арасында «Он саусақ» шеберлік класы өтті. Мақсаты - жасөспірім қыздарды әдептілік пен инабаттылыққа тәрбиелеу, қолөнер шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында «Сырғалым» клубының жетекшісі Шамеденова Бибігүл қыздарға халқымыздың салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдары туралы баяндап, қызықты деректер мен аңыздарға тоқталды. Мектептен тыс бос уақытта немен шұғылдану керек және бос уақытты қалай тиімді пайдалану керектігі жөнінде ақыл кеңестер айтты. Қатысушы қыздарға іс тігу, тоқу және қағаздан түрлі бұйымдар, бисер мен моншақтардан әшекей жасаудың әдістерін көрсетті.
Клуб мүшелері өлеңдер оқып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, ой-пікірлерін айтты. «Шебердің қолы ортақ» атты кітап көрмесімен танысты. Қатысушылар алғыстарын білдіріп, аталмыш шаралардың жиі өткізіліп тұруын қалайтындықтарын блдірді.