Зағип ақынның онлайн поэзия кеші

24 қазан күні ақын, 1 топ көз мүгедегі Валерий Мартыненконың шығармашылығына арналған «Когда строку диктует чувства...» атты онлайн поэзия кеші өтті. Шара Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының Орынбор облыстық зағиптар кітапханасымен бірлесуімен ұйымдастырылды.
Онлайн кештің мақсаты - ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Поэзия кешіне ақынның өзі де келді. Кешке облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми - әмбебап кітапханасының қызметкері Р. Карагулова, Орынбор арнаулы кітапхана оқырмандары қатысты.