Мұзафар Әлімбаевтың онлайн-оқулары өтті

Өңірімізде «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында бірқатар игі шаралар өткізілуде. 1-17 қазан аралығында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтің шығармашылығы бойынша онлайн-оқуларын ұйымдастырды.
Шарт бойынша әр қатысушы ақын өлеңін мәнерлеп оқыған бейнеролигін Instagram желісіне жүктеуі тиіс. Байқауға қала мектептері мен балабақшаларынан 5-10 жас аралығындағы 77 бала қатысты.
Қорытынды шара 24 қазан күні «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Марапаттау шарасына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы үздік деп танылған 26 қатысушыны диплом және сыйлықтармен марапаттады. Қалған қатысушылар сертификат пен сыйлықтарға ие болды.
Байқау қорытындысы «Балдырған» балалар журналының 60 жылдығына арналған мерекелік танымдылық-ойын бағдарламасымен жалғасты.