Тұғырлы рәміздердің авторына арналған танымдық шара

Шәкен Ниязбеков - отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға. 3 қазан күні Мемлекеттік тудың авторы, ҚазКСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Шәкен Ниязбековтың 80 жылдығына арналған «Терең ойлы суреткер» - тарихи-танымдық шара өткізілді. Танымдық сағат Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектепте ұйымдастырылды.
Жиын мақсаты - елінің патриоты болуға, ҚР рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу.
Танымдық сағат ҚР ән ұранымен басталды. Арнайы шақырылған «Қос Шынар» қоғамының төрағасы, Ғ.Бәйдербес мемлекеттік рәміздер кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екендігін айтып өтті. Басқосуда Ш.Ниязбеков туралы деректі фильм көрсетіліп, 7-10 сынып оқушылары өздері шығарған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады. Оқушылар рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Әлия Молдағұлованың музей дирекциясы атынан Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектептің музейіне «Книга памяти» электронды дискасы тарту етілді.