Кітапханашылар Ел Президентінің Жолдауына сай жоспар жасауда

5 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауын тікелей эфирде көріп, талқылады. Бұл отырысқа кітапхана ұжымы, үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының қызметкерлері, және кітапхана оқырмандары қатысты.
Жиынға қатысқандар арасында, әсіресе Н.Ә.Назарбаевтың атап өткен басым бағыттары – қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, жас кәсіпкерлер мен Отандық өнім өндірушілерді қолдау, білім саласында сапаны арттыру, спорт секцияларына жастарды тегін тарту, тәртіп сақшыларының қызметтерін жаңаша үлгіге ауыстыру, ауылшаруашылық саласын дамыту т.б. мәселелерді қозғағаны көпшіліктің көңіліне сенім ұялатты. Бүгінгі таңда қолжетімді баспана мен банктегі несие саласын қайта қарау мәселесінің көтерілуі әсіресе жас мамандардың құлшынысын арттыра түскендей.
Жас кітапханашы Аяулым Зейнекен: «Мен Елбасымыздың бізге, әсіресе жастарға сенім арта сөйлегеніне риза болдым. «Ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек» деген сөздің өзінен көп нәрсе ұғуға болады. Өзге де мамандар мен қонақтар сапалы білім мен білімді кадр туралы өз ойларын ортаға салды. Біліктілікті арттыру курстары болса, бәрі де жаңаша стильмен жұмыс жасауға ынталы екендіктерін жеткізді.
Жиын соңында кітапхана қызметкерлері осы Жолдауға сәйкес арнайы жоспар жасап, сол жоспар бойынша сапалы жұмыстар атқаруға құлшына кірісті.