Жасөспірімдер кітапханасы Қарттар мерекесімен құттықтады

Қарттар күні мерекесі елімізде жыл сайын тойланып келеді. Өйткені ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кездері елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істерінің алар орны ерекше. Халықаралық қарттар күніне орай 1 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қарттарым аман-сау жүрші» атты ардагерлермен кездесу кешін өткізді. Шара мақсаты - жастардың бойына үлкенді сыйлауға, ізет көрсетуге, тыңдай білуге және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Кітапхана ардагерлері жастарға ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кітапхананың директоры Гүлжайнар Нәренқызы ардегер қарттарды мерекелерімен құттықтап, алғысын айтып, кітапхананың атынан сыйлықтар табыстады. Шара барысында кітапханашылар ардагерлермен 4 топқа бөлініп, әр топ өз өнерлерін көрсетті. Зейнекен Аяулым, Сұлтанбекова Лаура Марфуға Айтхожинаның «Шалмасын аналардың, шашын қырау», Алмас Темірбайдың «Рахмет, саған, Ана» өлеңін нақышына келтіріп оқыса, Көшербайқызы Лаура «Бақытты әйел» әнін орындады. Қарттарға арнап мерекелік дастарқан жайылды. Қонақтарға «Қарттарым - асыл қазынам» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Ұсынылған көрме келушілердің қызығушылын оятты. Қатысушылар тақырыпқа сай слайд тамашалады.