Кітапханадағы «Интернетсіз бір күн» акциясы

Желілік контентті тұтынудың да өзіндік «жеңілдетілген» күндері болуға тиіс. Осы мақсатта 28 қыркүйек күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Интернетсіз бір күн» акциясы өткізілді. Акция оқушыларды Интернетке тәуілділіктен аулақ болу, кітап оқуға шақыру, кітапхана жанынан ашылған үйірме, клубтармен таныстыруды көздеді.
Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлжан Мейірханқызы ашып берді. Сонымен қатар «ISMER» этно-мәдени қолөнер үйірмесінің тұсаукесері өтті. Сөз сөйлеген қонақтар интернеттің тиімді байланыс құралы болғанымен, оның да зиянды тұстары бар екендігін айтып, жастарды кітап оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін кітапхана клубтарына, үйірмеге жазылуға шақырды. Акцияға Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері, №16 мектеп оқушылары және клуб мүшелері қатысты.
Кітапханашылар тек кітаппен қамтамасыз етіп қоймай, әр түрлі клубтарға жетекшілік етеді. Осылайша жасөспірімнің бос уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі. Акцияға кітапхананың «Ақ қауырсын», «Шапағат», «Алтын өлке», «Бүркіт», «Сырғалым», «Старт» атты клуб мүшелері белсенділік танытып, өлеңдер оқып, әндер орындады.