Арнаулы кітапханада Қарттар күні аталып өтті

Қариясы бар ел - қазыналы ел. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек, ата-салттан ажырамағанымыз. 28 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті.
Мерейлі шараның мақсаты - ортамызда жүрген аға буын өкілдерінің жасаған игі істерін, еңбе жолын оқырмандарға насихаттау. Мерекелік кешке аталмыш кітапханада бірнеше жыл еңбек еткен зейнеткер ардагерлер Н. А. Қалауов, Н. В. Мальцева және А. Қ. Боранбаева, Ы. Анкапова арнайы шақырылды., Ардагер ұстаздарымызға арнап әндер шырқалып, кеш әсерлі өтті. Кездесу соңында зейнеткер ұстаздарымыз өз пікірлерін білдіріп, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін ұжымға алғыстарын білдірді.