Халықаралық музыка күніне арналды

2018 жылғы 28 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Халықаралық музыка күніне орай «Наполним музыкой сердца» атты музыка каруселі өтті. Шараға №1 музыка мектебі фортепиано пәнінің мұғалімі Сиванова Лариса Викторовна және оның шәкірттері Орынбасар Аян, Қуанышев Олжас, Тасанова Аружан қатысты.
Шараға арнайы жабдықталған «Музыка - универсальный язык человечества» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Орынбасар Аян мен Куанышов Олжас Йоган Штраустың «Марш Родецкого», Тасанова Аружан Дмитрий Ковалевскийдің «Клоуны» шығармаларын фортепианода ойнады. "Музыка - язык души" деп аталатын әдеби монтажда оқырмандар Жамбыл Жабаевтың "Песня об искусстве", Ира Исакованың "Музыка", Наталья Манушкиноның "Скрипка" өлеңдерін оқыды. Сергіту сәтінде балалар «Мозговой штурм», «Музыкальный сундучок» ойындарын ойнап, жұмбақтар шешті.