Зерттеу барысымен таныстырды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және екіжақты ынтымақтастық меморандумы аясында 2018 жылы 27 қыркүйекте Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми- қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Алдажұмановпен кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: архив қызметкерлерін екі жақты келісім меморандумы бойынша жұмыс жоспарымен және Қазақстан мен шетелдік архивтердегі зерттеушілердің жұмыс істеу тәжірибесімен таныстыру.
Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві директорының орынбасары С.Книжник кездесу барысында архив жұмысындағы зерттеу барысымен танысытырды. Аға ғылыми қызметкер Қ.Алдажұманов Ұлы отан соғысы кезіндегі ұлттық құрамалардың құрылу тарихы, меморандум бойынша жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынды.