Пәкістандықтар мемориалды музейге экскурсия жасады

26 қыркүйек күні Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс институтына әскери іс-тәжірибе алмасу мақсатында келген Пакистан Республикасының қарулы күштерінің өкілдері Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде қонақта болды.
Музей қызметкері А.Уразова жүргізген экскурсия барысында қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті. Экскурсия соңында қонақтар музей қорына Пакистан Республикасы Қарулы күштерінің әскери белгісі бар сувенир кружканы сыйға тапсырды.
Қонақтарға естелік ретінде музей атынан Ұлы Жеңістің 65 жылдығына шығарылған «Книги памяти» дискісі сыйға берілді.