Кітапханадағы дұрыс тамақтану жәрмеңкесі

2018 жылғы 26 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Болашақ» салауаттылық клубының кезекті отырысында Дұрыс тамақтану жәрмеңкесі өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген шарада «Арасан-Ақтөбе» ЖШС маманы Алмагүл Айткулова дұрыс тамақтану ережелері туралы әңгімелесе, клуб мүшелері тақырып бойынша ойларын ортаға салып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Балалар «Смешарики. Исправительное питание» атты мультфильмді тамашалап, көкөністер және жеміс-жидектерден салат дайындауда шеберлік класына қатысты.
Оқырмандар назарына «Правильное питание - залог здоровья» атты кітап көрмесі ұсынылды.