Еңбек мерекесі – елдің берекесі

Кәсіптің жаманы жоқ, тек қабілетіңе сай келетін, көңілің сүйетін мамандықты таңдап, ерінбей еңбек ету қажет. 25 қыркүйек күні Еңбек күніне орай Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының балалары үшін «Все работы хороши - выбирай на вкус!» ойыны өткізілді. Игі шараны Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері біздің қоғамда тек адал еңбек еткеннің ғана шынайы құрметке ие болатынын айтып, оған түрлі мысалдар келтірді.
Балалар «Радуга профессий» атты кітап көрмесімен танысып, «Когда я вырасту...», «Калейдоскоп профессий», «Кем быть?» өлеңдерін оқыды. Сергіту сәтінде «Проверь свои знания в мире профессий», «Азбука профессий» танымдық ойындарына қатысып, «Калейдоскоп профессий» мультфильмін тамашалады. Қатысушылар мамандық түрлерімен танысып, Еңбек күнінің мәні айқындалды.